Жезқазғанда митингіге шыққан жұмысшылар компания басшылығымен кездесуді күтеді

1 тамызда Жезқазған қаласында "Қазақмыс" компаниясының мердігері "Tranco Zhezkazgan" теміржол компаниясының жүздеген жұмысшысы митингіге шығып, компания басшылығымен кездестіруді талап етті деп жазады Рaryz.kz t.me/azattyq сілтеме жасап.

Жезқазғанда митингіге шыққан жұмысшылар компания басшылығымен кездесуді күтеді
https://t.me/azattyq/12271

- Жұмысшылардың бір бөлігі көшеде, бір бөлігі жұмыс орындарында отыр. Кейбір БАҚ бізді "тарап кетті, бәрі риза болды" деген ақпарат таратып жатыр, ол – жалған ақпарат. Жұмысшылар нақты шешім күтіп тұр. Бейбіт митингіге шығып тұрмыз, қолымызда плакат та жоқ, шуламаймыз да. Дереу прокурор келіп, жауапқа тартылуымыз мүмкін екенін айтып, сес көрсетті, не үшін? Біз де заңды білеміз. Талаптарымызды жазбаша бердік, - деді Азаттыққа "Tranco Zhezkazgan" ЖШС жұмысшыларының бірі.