Сырт көзге қарағанда Зағипа Өзбаева қарт анасы және үш қызымен Алматыда тұратын қарапайым отбасы сияқты. Бірақ бұл отбасының құпиясы ашылған кезде, олар тек Алматыны емес, сол кездегі Кеңес одағын түгелдей шошытты.
1999 жылы Зағипа Өзбаева отбасымен бірге төрт туысының етін жеп, қалдықты "мумиялап" тастаған. Ішкі істер органдары каннибал отбасы тек төрт әйелді ғана жемегеніне сенімді болғанымен, қалғандарын таба алмайды.
Олардың қылмысы кездейсоқ ашылып қалады. Учаскелік дәрігер үйлерді аралап жүргенде, жағымсыз иісті сезіп, полиция шақырды. Полиция шкафтан төрт әйелдің денесін табады. Өзбаевалар өз құрбандарының тек ішкі құрылыстарын ғана жеген. Айтпақшы, олар қарт аналарының сіңлілерін құрбандыққа шалған болып шықты.
Көршілерінің айтуынша, соңғы жарты жылда Өзбаевалар мүлдем далаға шықпаған. Тіпті шілденің шіліңгір ыстығында терезелерді ашпай, қараңғылап тастайтын болған. Ал көршілері жағымсыз иісті сезсе де, ештеңеден күдіктенбеген.
Сот оларды қасақана адам өлтіріп, етін жегені үшін кінәлі деп танып, Алматы маңындағы жабық типтегі психиатриялық ауруханаға жапты. Олардың сотталғанына 20 жылдан асты.
Өзбаевалар туралы отандық 5:32 телесериалының эпизоды түсірілді. Бірақ сериалда Зағипа көшедегі алқаш еркектерді өлтіріп, етінен бәліш (беляши) жасап, сатады. Ал шын өмірде Өзбаевалардың құрбандарының етінен қандай тағам жасап жегендері белгісіз.