Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

ҰҚК төрағасының бірінші экс-орынбасары Самат Әбіш Кәрім Мәсімов пен өзге де фигуранттар бойынша жауап берді

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы "Кәрім Мәсімов ісі" бойынша тергелді. Бұл жөнінде ҰҚК Tengrinews агенттігіне жіберген жазбаша жауабында айтқан деп хабарлады Рaryz.kz  t.me/azattyq сілтеме жасап.

ҰҚК төрағасының бірінші экс-орынбасары Самат Әбіш Кәрім Мәсімов пен өзге де фигуранттар бойынша жауап берді
ашық дерек көздерінен

"Самат Әбіш тергелді. Ол Мәсімов, Садықұлов, Ерғожин, Өсіпов және өзгелерге қатысты 175-баптың 1-бөлігі, 179-баптың 3-бөлігі, 218-баптың 3-бөлігі, 3-тармағы, 362-баптың 4-бөлігі 3-тармағы, 366-баптың 4-бөлігінде қарастырылған қылмыстар бойынша куәгер атанған" деп жазылған ҰҚК хабарламасында.

Комитеттің хабарлауынша, дегенмен Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс тіркелмеген, бұлтартпас шарасы қолданылмаған.