Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Биыл 11 мыңнан астам этникалық қазақ "қандас" мәртебесін алды

Жалпы, 1991 жылдан бері елімізге 1 миллион 69,1 мың этникалық қазақ оралған.

Биыл 11 мыңнан астам этникалық қазақ "қандас" мәртебесін алды
фото: businessfm.kz

Биылғы жылдың 1 қарашасына дейін 11,8 мың адам тарихи Отанына оралып, "қандас" мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.

Жалпы, 1991 жылдан бері елімізге 1 миллион 69,1 мың этникалық қазақ оралған.

"Осы жылы Қазақстанға келген оралмандардың жартысынан көбі (55,5%) Қытайдан, 28,8%-ы – Өзбекстаннан, 9,1%-ы – Түрікменстаннан, 3,4%-ы – Моңғолиядан және 2,9%-ы – басқа елдерден келді.

Этникалық қазақтар негізінен Алматы (52,3%), Маңғыстау (13,4%) және Түркістан (5,5%) облыстарына, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан (4,1%) және Алматы қалаларына (5,7%) қоныстанды.

10 айдағы мәлімет бойынша, еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны 55,9%-ды, еңбекке қабілетті жастан кішілер 32,6%-ды және зейнеткерлер 10,5%-ды құрайды", - делінген министрліктің ақпаратында.