Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Ақтөбеліктер туыстарын жерлеу үшін несие алатын жағдайға жетті

Бір зиратты ұстауға жыл сайын шамамен 25 миллион теңге жұмсалады.

Ақтөбеліктер туыстарын жерлеу үшін несие алатын жағдайға жетті
фото: azattyq-ruhy.kz

Ақтөбе тұрғындары жерлеу қызметтерінің қымбаттығына шағымданды. Қала тұрғындары туған-туыстарын соңғы сапарға шығарып салу үшін несие алуға мәжбүр, деп хабарлады paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Белсенділер мониторинг жүргізіп, мұсылман зиратында жерлеу қызметі үшін 120 мың теңге (280 доллар), христиан зиратында 80 мың (шамамен 185 доллар) төленуі керек екенін анықтады.

"Бүгінде ең төменгі жалақы – 42 500 теңге. Міне, біз осы мөлшерден аспағанын қалаймыз. Егер ол несие алса, тіпті, біреуден алса да мен жерлеу үшін қарыз алдым деп айту бізге жат нәрсе", - дейді Ақтөбе әкімдігі жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы Абай Сақтағанов.

Мұндай тарифтерді монополист болып саналатын жерлеу қызметтерінің бірыңғай орталығы белгілеген. Қалалық зираттардың барлығы дерлік осы орталыққа өткен.

Қоғам белсенділерінің айтуынша, компания барлық жұмысты өз қаражаты есебінен істейді. Ол жерді қамтамасыз етеді, жер қазып, жерлейді. Бірақ орталық қызметкерлері қызмет көрсету тарифтері қалай құрылатыны туралы айтудан бас тартты.

Қалалық зираттар 3 жыл бұрын сенімгерлік басқаруға беріле бастаған. Шенеуніктер бұл шара бюджетті үнемдеу үшін жасалғанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, бір зиратты ұстауға жыл сайын шамамен 25 миллион теңге жұмсалады. Ал жергілікті тұрғындар шенеуніктердің ақпаратына күмәнмен қарайды.

"Баға саясатына ешқандай қатысымыз жоқ. Бұл – бәсекелестік орта. Бұл – халыққа көрсетілетін салттық қызметтер. Біз бұған араласа алмаймыз", - деді Ақтөбе қаласы әкімдігі ТКШ бөлімі бастығының міндетін атқарушы Бауыржан Алдияров.

Әкімдікте уәде берген жалғыз нәрсе – сеніп тапсырылған зираттардың жағдайын тексеру. Олар аумақты зерттеу үшін дронды қолданғысы келеді.