Прямая трансляция

Астана

Астана

20°C

Тараздағы екі тойдың қонақтары тойханадан қашып кетпек болған

Кафе басшылығы қонақтарына мекеме қызметкерлерімен бірге артқы есіктен шығып кетуге мүмкіндік жасаған.

Тараздағы екі тойдың қонақтары тойханадан қашып кетпек болған
фото: lada.kz

Тараз қаласында карантинге қарамай той жасағандар анықталды, деп хабарлады paryz.kz, облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен, облыс орталығындағы мобильді топ 80 адамға арналған үйлену тойының үстінен түсті. Олар мерекелік шараға тосыннан кіріп барғанда абдырап қалған қонақтар келін мен күйеу жігітті тастап, қашып кетпек болды. Тура осындай жағдай қаладағы кафелердің бірінде қайталанды. Онда 8 адам тексерушілер келгенде жиыннан кетіп қалмақ болған. Кафе басшылығы қонақтарына мекеме қызметкерлерімен бірге артқы есіктен шығып кетуге мүмкіндік жасаған.

"Полиция қызметкерлері заңбұзушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, барлық іс-шараларды ұйымдастырушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы ("Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ, гигиеналық нормативтерді бұзу") бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды. Жиналған материалдар әкімшілік жауапқа тарту үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жолданды", - делінген хабарламада.