Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Елордалық 23 жастағы әйел жезөкшелер притонын ұйымдастырған

Полицейлер интим қызмет көрсететін төрт жеңгетай мен 36 қызды ұстаған.

Елордалық 23 жастағы әйел жезөкшелер притонын ұйымдастырған
Фото: ашық дереккөз

Полицейлер Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешендердің бірінде жұмыс істеген притонды анықталды деп хабарлады paryz.kz, қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, елорда аумағында адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алуға, жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған «STOP трафик» жедел алдын алу шарасы өтті. Полицейлер интим қызмет көрсететін төрт жеңгетай мен 36 қызды ұстаған.

«Жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастырумен және онда жезөкшелерді ұстаумен айналысқан елорданың 23 жастағы тұрғыны ұсталды. «Хайвилл» тұрғын үй кешенінде ұсталған әйел 20 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы үшін клиенттеріне интим қызмет көрсететін қыздарды апарып тұрған. Притон ұйымдастырған әйелге қатысты Қылмыстық кодекстің 309-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 450-бабы бойынша алты әкімшілік хаттама («Жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін көрінеу Үй-жайлар беру») және 449-бабы бойынша сегіз әкімшілік хаттама («Қоғамдық орындарда тиісу») толтырылған.