Қамауда отырған Қайрат Құдайбергеновтың депутаттық қызметін доғартып, партия қатарынан шығуына байланысты журналист Асылхан Мамашұлы өз ойын былайша бөлісті деп жазады Рaryz.kz оның Facebook парақшасына сілтеп.
""Аманат-НұрОтан" партиясы түрмеде жатқан Қайрат Құдайбергеновті партия қатарынан шығарып, қала мәслихатындағы мандатын тартып алыпты. Әлі сот болмаса да "бірдеңе былықтырды, партиямыздан аулақ жүрсін" десе керек.
"Аманат" партиясының бұл әрекетін ашық қоғамға, демократияға ұмтылыс деп есептеймін). Мұнан кейін де осылай ашық әрекет етуге тиіс деп санаймын.
Бірақ бұл партия...
1. Нұрсұлтан Назарбаевты қатарынан шығарды ма, жоқ па? Шығарса "Аманат" партиясының қазіргі төрағасы Қошановтың Назарбаевқа сөгіс жариялағаны туралы хаттама қайда, видео қайда?
2. Бұл партия қазір түрмеде отырған Қайрат Сатыбалдыны, Қайрат Боранбаевты, "Оператор РОП" компаниясының басшыларын партия қатарынан неге шығармай отыр?"- деп жазыпты Асылхан Мамашұлы.