Жаңа туған сәбиді бесікке салу рәсімінде нағашылары әкелген дүние көптің талқысына түсті, деп жазады Рaryz.kz exk.kz сілтеме жасап.
Бесік тойдың видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Бейнежазбада нәрестенің нағашы жұрты құдағиларына жиенге алып келген дүниелерін тарқатып түсіндіріп жатады. Әкелінген киімдерге қарап жаңа туған сәбидің қыз бала екенін байқауға болады. Видеода бесіктен бөлек манеж, тамақ ішетін үстел, балалар арбасы, велосипед, балалар көлігіне дейін бар. Бұдан бөлек жаңа туған сәбидің киімдері бір төбе. Аяқ киімдерінің өзі бір қорап. Оннан астам түрі бар. Жылдың барлық мезгіліне арналған. Ал бас киімдерінің санынан шатасасыз.
"Мына жерде жас, күз, қыс, көктем, яғни, барлық жыл мезгіліне арналған бас киімдері. Мұнда саны қанша екенін білмеймін, әйтеуір ала беріппіз. Жаңа туған кезінен бастап үш жасқа дейін киеді. Мынау шұлықтары. Ал мынау гигиеналық іш киімдері, лосина, колготкилері",-дейді сәбидің киімін таныстырып тұрған әйел адам.
Сонымен қатар бесік тойға әкелінген дүние ішінен сырт киім мен көйлектердің, спорттық және күнделікті серуенге арналған киімдердің түр-түрі бар. Тіпті кішкентай ханшайым секілді тойға киетін көйлектерін де көруге болады. Нағашы жұрт дүние есігін енді ғана ашқан жиен қыздың шашы өскен кезін де ұмыт қалдырмаған. Шаш қыстырғыштың бір қорабын алыпты. Ойыншықтары да бар.
Ерекше өткен бесік тойдың видеосын көрген желі қолданушылары екіжақты пікір білдірді. Басым көпшілігі бұл астамшылық екенін алға тартты.
"Сонша киімнің не керегі бар? Киіп үлгермейді, бала тез өседі", "Қыз жасауындай болды ғой. Не керек сонша шығындалып?", "Шектен шыққандық бұл", "Осындай байларды қолы қысқалар көріп, баласы ешкімнен қалмасын деп кредит алып жасайды", "Адамдар қызық екен, артық дейді. Жағдайы жетіп тұрса түк те артық емес... Әр баланың өз несібесі бар", "Өз-өздерін көрсету, бір-бірінен асып түсу үшін алады ғой", "Киімнің өлшемдері кішкентай, ертең сыймай қалатын болды ғой", "Артық шығын", "Мақтаншақтық", "Одан да бірден үй алып бере салу керек еді", "Астамшылық", "Бұл негізі дұрыс емес", "Керемет, үстінде т