Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

"Joshyhantour": Туристерге Ұлытаудың құшағы ашық

Халқымыздың көнеден келе жатқан күйлерінің бірі Кетбұғаның "Ақсақ құланы". Осы күй арқылы Шыңғыс қағанның үлкен ұлы Жошының қапыда мерт болғанын естірткен деседі деп жазады Рaryz.kz  instagram.com/joshyhantour сілтеме жасап.

"Joshyhantour": Туристерге Ұлытаудың құшағы ашық
ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Қазақтың күйшілік өнеріндегі ең бір көне күйлердің бірі Жошы ұлысының ұлық биі, қолбасшы Кетбұғаның күйі «Ақсақ құлан». Бұл күйдің шығу тарихы қазақтың төл аспабы домбырамен тікелей байланысты. Сонау бағзы замандардан бізге жеткені: аңыз бойынша ертеректе домбыра үш ішекті, көмей тесігі болмаған деп айтылып келеді. Баласының өлімін Шыңғыс қағанға естірте алмай тұрғанда, күйші Кетбұға ханның алдында күймен "балаң өлді Шыңғыс хан, Жошы өлді" дегенді домбыраның үнімен естірткенде, уәде бойынша, қаған домбыраның көмейіне қорғасын құйған деседі.

Төл тарихымыздың тұнығына бойлағысы келгендерді "Joshyhantour" Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласында күтіп алып, Жошы ханның мазарына, сол жердегі тарихи кешенді көрсетумен айналысады екен.

- "Ұлытауға барар болсаңыз 87753698888 номерін терсеңіз болды"- дейді тур ұйымдастырушы Олжас Сауқымов.

Несі бар, туризм саласы елімізде кенжелеп қалған саланың бірі еді. Жаңа облыстың құрылуы осы саланың дамуына мұрындық болса, игілік әрине.