Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев қыркүйек айында Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекске енетін кейбір өзгерістер мен толықтырулар туралы айтты, деп жазады Рaryz.kz exk.kz сілтеме жасап.
Мәселен жаңа енгізілген өзгеріске сәйкес, адам көлікті мемлекеттік нөмірсіз басқарып, кейін осы үшін қайта ұсталатын болса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Яғни адамға 20 АЕК (60 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе 1 жылға көлік басқару құқығынан айырылады.
Көлікке жалған немесе басқа мемлекеттік нөмір тағу үшін жауапкершілік те күшейтілді. Енді бұрынғыдай айыппұл болмайды. Аталған құқық бұзушылық үшін адам 1 жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады,
деді Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.
Жандос Мұраталиевтің айтуынша, қазіргі кезде Ішкі істер министрлігі қала сыртындағы тас жолдарда орташа жылдамдықты асырғаны үшін жүргізушілерді жауапкершілікке тарту мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Сондай-ақ, бір жыл жыл ішінде 5-тен көп әкімшілік құқық бұзушылығы бар адамдар үшін айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлеу мүмкіндігі алынып тасталады.
Біз бұған дейін елімізде жүргізуші куәлігінен айырылу оңай, кері қайтарып алу қиындай түсетіні туралы жазған едік.