Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

«Надоело мне». Болат Назарбаевтың туыстары журналистерге арнайы сұқбат берді

Болат Назарбаевтың ең үлкен қызы мен азаматтық некедегі қазіргі әйелі эксклюзивті ақпарат берген деп жазады Рaryz.kz  exk.kz сілтеме жасап. 

«Надоело мне». Болат Назарбаевтың туыстары журналистерге арнайы сұқбат берді
© ЭК

Осы уақыттан бастап Болат Назарбаев барлық бизнестен, істен бас тартып тек денсаулықтың қамымен жүруге мәжбүр болды дейді жақындары. Себебі дәл сол кезде клиникалық өлім жағдайына түскен.

Гүлмира Болатқызы- тұңғышы, Динара — қазіргі жұбайы / ©ЭК

Гүлмира Болатқызы- тұңғышы, Динара — қазіргі жұбайы / ©ЭК

Гүлмира: "Қазір халықтың арасында неше түрлі қауесет жүр. Қызы ретінде айтайын, осы созылмалы дертке шалдыққан 2015 жылдан бері әкем барлық шаруаны сенімді серіктеріне өткізіп берген. Олар не істеп жүргенінен хабарсыз. Яғни сол кезден бастап тек ем шарамен, қайырымдылықпен және ағайын-туыспен ғана араласады".

Болат Назарбаев сөйлеуден қалған. Себебі "2021-дің жазында әкем көмей обырына шалдықты" дейді Гүлмира Болатқызы. Аяқ астынан анықталған індетті емдеу үшін Германияға, Израильге барған. Сол жерде жарты жыл қаралғанымен, әсері болмапты. Сондықтан дәрігерлердің қарсылығына қарамастан ең үлкен үш баласы және қазіргі жұбайының кеңесімен Алматыға әкелу туралы шешім қабылдаған.

Айта кетейік, Болат Назарбаевтың жағдайын сұрау үшін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев та маусым айында туған ауылына арнайы келген. Қазіргі жолдасы Динара: "Үлкен кісі маусым айының 15-нде арнайы келіп, інісінің жағдайын сұрап кетті. Аурумен күрес деп тапсырды" дейді.

Естеріңізге салайық, бірнеше күн бұрын біздің Newscorr желісіне Болат Назарбаевтың әуыр хәлде екені туралы инсайдерлік видео келіп түскен болатын.

Мәліметтер: Болат Назарбаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлының інісі. 1953 жылы 23 наурызда дүниеге келген. Механик, бригадир, Шамалхан совхозы директорының орынбасары қызметтерін атқарды. Ашық дерек көздерінде, 2007 жылдан бері BN Invest холдинігінің директоры деп көрсетілген.