Шымкент полиция департаментінде баспасөз қызметін басқарып, кейін қызметіне қатысты шу шыққан Мөлдір Бекеева бұрынғы жұмысына қайта оралды. Бұған дейін ол өз-өзіне қол салмақ болып, қоғамда резонанс туғызған, деп жазады Рaryz.kz exk.kz сілтеме жасап.
Бұл туралы Мөлдір Бекеева журналистерге берген сұхбатында айтты. Ол жұмысқа сәрсенбіден бастап шыққанын, бұрынғы қызметіне қайта кіріскенін жеткізді. Оның айтуынша, оған дәрігерлер әу баста денсаулығына байланысты жұмысқа шығуына қарсы болған.
Еске салайық, сәуірдің бесінде Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Бекеева жұмыстан кету туралы арыз жазған күні өз-өзіне қол жұмсаған болатын. Кейін ол бұл қадамға басшылықтың кесірінен бардым деп мәлімдеген еді.