Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Қарғыстан қалай құтылуға болады?

Қазақ халқы үшін "қарғыс" деген сөздің өзі кез келген жанға қорқыныш ұялатады. Ал жұрт үрейі ұшып қорқатын осы тылсым расында бар ма? Қарғысқа қандай адамдар ұшырайды? Бұл туралы жазған Рaryz.kz exk.kz сілтеме жасайды.

Қарғыстан қалай құтылуға болады?
Pixabay

Ең әуелі сөз мағынасына үңілсек. Наиб имам болып қызмет атқаратын Мағжан Өмірбеков негізі "қарғыс" деген "лағынет" сөзінің синонимі дейді. Ал ол "қуылу","аластату" мағынасын береді. Яғни жақсылықтан аластату дегенді білдіреді дейді дін өкілі.

Мағжанның айтуынша ислам дінінде қарғыс айтуға мүлде тыйым салынған.

Ал қарғысқа әсіресе біреудің ақысын жеп, жан-жағына қиянат жасап жүретін зұлым жандар ұшырайды дейді. Қарғыс тиген адам өмір бойы бақытсыз болып өтеді. Сол үшін біреудің ала жібін аттаудан барынша аулақ жүру керектігін айтады. Қазақтың "қарғыс алма, алғыс ал" деген тәмсілі осыдан қалса керек.

"Пайғамбардың мынадай бір хадисі бар. Егер пенде қарғыс айтса, ол қарғыс көкке көтеріледі. Содан соң жер шарын шарлайды. Сосын оған аспанның қақпалары жабылады. Кейін ол жерге түседі. Ақыр соңы қарғыс кімге айтылса, ол соған барады. Егер лағынеттелген адам лайық болса, қарғыс тиеді. Лайық болмаса, қарғыс айтқан адамның өзіне қайтады делінген", — дейді Мағжан Өмірбеков.

Қарғысқа ұшыраған соң одан құтылудың жолы да оңай емес. Дін өкілі ол үшін қарғыс алған адам әуелі Құдайдан, сосын өзі қиянат жасаған адамнан кешірім сұрау керек екенін айтады.

Қарғыстың кімнен келгенін табу керек. Сосын ол үшін де Құдайдан кешірім сұрау керек. Бәлкім, сол кезде қарғыс қайтуы мүмкін,

— дейді наиб имам.

Сондай-ақ Мағжан қарғыстан құтылудың ең бірінші емі — кез келген жамандық атаулыдан аулақ болып, жақсылық жасауға ұмтылу екенін ескертеді.