Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

"Не молчи": Ағайынды қос педофил неге жазаланбайды?!

Сонымен бірге, күдіктінің Алматыдағы ағасы өгей қызына азғындық жасағаны үшін бірнеше жылға сотталғандығы белгілі болды. Барлығы қыздың 6 жасында басталған.

"Не молчи": Ағайынды қос педофил неге жазаланбайды?!
фото: dw.com

"Не молчи" қорының директоры Дина Смайылова екі ағайынды педофилге қатысты дабыл қақты. Оның бірі өгей қызын зорлады деген күдікке ілінсе, екіншісі педофилия бойынша айыпталып, бірақ, сотта ақталып шыққан, деп хабарлады zakon.kz.

Facebook-те жарияланған жазбада қазіргі кезде Атырауда 13 жасар қызды зорлау фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқандығы туралы айтылады. Күдікті - өгей әке.

Смайлованың айтуынша, ол бостандықта жүр және күн сайын жәбірленушіге және оның анасына телефон арқылы хабарласып, қорқытып-үркітіп жүрген жайы бар. Ондағы мақсаты - полицияға өткізген арызды кері алдырту.

"Баланың психикасы шыдас бермеді, қыздың халі мүшкіл! Ол өзінің үлкен ағасының жауапкершіліктен сытылып кеткенін біледі және ұзақ жылдар бойы зорлық-зомбылықтың салдарынан болған ауыр психологиялық жарақаттың үстіне қорқыныш пен үрей қосылған. Үрей деген сөздің өзі өте жұмсақ секілді бұл арада, оның орнына қыздың салған мына суреттеріне көз салсаңыз, қыздың нағыз қасіретін байқай аласыздар. Психологтар да дабыл қағып жатыр, психиатрлардан қызға көмектесу үшін көмек сұрайды. Қыздың анасы - төрт баланы жалғыз асыраушы, ол үлкен қызынан алыстап кетуге қорқатын болса, олар сонда қалай күнкөрмек? Жантүршігерлік жағдайдағы бұл отбасыны отағасы тастап кеткен, бір сөзбен айтқанда көшеде қалдырған, алимент төлемейді, ешқандай көмек көрсетпейді, керісінше, балаларды анасына қарсы қойып, қызға өз арызынан бас тартуға тырысуда!" - деп жазады Смайлова.

Сонымен бірге, күдіктінің Алматыдағы ағасы өгей қызына азғындық жасағаны үшін бірнеше жылға сотталғандығы белгілі болды, барлығы қыздың 6 жасында басталған.

"Қатты күйзеліске ұшыраған қыз тез салмақ қосып, бір жылда 60 келі болған. Барлық сараптамалар оның зорланғанын көрсетті, мықты төрт дәрігердің кеңесі оның өтірік айтпайтынын және қатты психологиялық жарақат алғанын көрсетті. Өтірікті анықтаушы детектор да қыздың шынын айтып отырғанын көрсетті. Ал өгей әкесі агрессор және сутенер ретінде танылып, ол делдалдығы үшін сотталды! Дәлелдер жеткіліксіз деп тауып, алқабилер оны педофилия бойынша айыптан ақтады!" - деп жазады "Не молчи" қорының басшысы.

Ол Атырауда зардап шеккен 13 жасар қыз салған суреттерді желіде жариялады: "Көз - жүректің айнасы ..." деген.

"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелген қылмыстық іс тергелуде. Қазіргі уақытта тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр және істі жан-жақты, толық және объективті тергеу үшін бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша заңды іс жүргізу шешімі қабылданады. Осы қылмыстық істі тергеу барысы қатаң бақылауда", - деп мәлімдеді Атырау қаласы ДП баспасөз қызметі бұл іске қатысты.