Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"Показуха жасау ғой": Қалаулымдық жігіт тікелей эфирде анасының аяғын сүйді (ВИДЕО)

Жоба қатысушысының бұл әрекеті желіде нағыз шу тудырды.

"Показуха жасау ғой": Қалаулымдық жігіт тікелей эфирде анасының аяғын сүйді (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Махаббат алаңына айналған "Бір болайық" жобасының қатысушысы Олжас Ходжа тікелей эфир кезінде анасының аяғын сүйіп алды. Ол бағдарламада кезіктірген сүйіктісін анасымен таныстырған, деп хабарлады paryz.kz, NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

"Бір болайық" жобасының қатарынан екі маусымына да қатысқан Олжас Ходжа өткен жылы бақытын таппай кетсе, бұл жолы сүйгенін жолықтырғанға ұқсайды. Қызығы, жігіттің жүрегін жаулап алған ару да атышулы бағдарламада қатарынан екінші рет бағын сынап отыр. Өмірлік серігін іздеген жастар ұзақ уақыт бойы бір-бірінің көз алдында жүрген болып шықты. Алайда, айта кетерлігі, Олжас Жанеркені ұнататынын өткен жылы тікелей эфирде мойындаған еді. Бірақ бойжеткен өзіне сезімін білдірген жігітке бірден "жоқ" деп кесіп айтты. Ару оны достан артық көре алмайтынын түсіндірген болатын. Дегенмен, араға бір жыл тастап, Олжас Ходжа ақыр-соңы айтқанынан қайтпай, қыздың жүрегін жаулап алған. Бүгінде екеуінің қарым-қатынасы жақсы өрбіп жатқанға ұқсайды. Күні кеше қос ғашық ата-аналарын таныстырған.

Одан кейін Олжастың анасы "Бір болайық" студиясына да келіп, қос ғашыққа батасын беріп кетті. Жанерке тікелей эфирде болашақ енесіне шай құйып берсе, ұлы анасына үлкен гүл шоғын тарту етіп, көпшілік алдында оның аяғын сүйген. Жоба қатысушысының бұл әрекеті желіде нағыз шу тудырды. Халықтың пікірі екіге бөлінді. Бірі Олжас Ходжаның бұл қылығынан ерекше әсер алып, оның анасына деген құрметіне тәнті болып жатыр. Ал басқалары жас жігітті бұл істі әдейі ел алдында жақсы көріну үшін жасады деп сөкті. Олар "Олжас хайп үшін не істемейді...", "соны экранда емес, сыртта көрсетсе болмай ма?!", "публикаға ойнап тұрғаны көрініп тұр ғой", "елге көрсетіп, показуха жасау ғой" деп жазып жатыр жұрт.