Болат Назарбаев шалдыққан өңештің қатерлі ісігі туралы онколог маман былай дейді деп жазады Рaryz.kz exk.kz сілтеме жасап.
Ресми статистикаға сүйенсек, өңештің қатерлі ісігі тыныс алу мүшелері ауруларының арасында бірінші орын алады. Яғни көптеген адамдарда кездесетін қатерлі ісіктің бір түрі. Бұл дертке 40-60 жас арасындағы адамдар шалдығады және әйелдерге қарағанда, ер адамдар көп ауырады.
Нұр-Сұлтан қаласының бас онкологы Мұхтар Төлеутаевтің сөзінше, қатерлі ісікті неғұрлым ерте анықтаса, соғұрлым ем-домның нәтижесі болады.
Қатерлі ісіктің төрт сатысы болады. Үшінші және төртінші сатыда науқас ауыр кезеңдерді өткеріп, денсаулығы нашарлап, емді ауыр қабылдайды. Науқастың өмір сүруі — сырқаттың ерте анықталғанына, ем шараларының дұрыс жүргізілгеніне байланысты,
— дейді онколог Мұхтар Төлеутаев.
Маманның айтуынша, өңештің қатерлі ісігі шылым шеккеннен және лас ауадан болады. Бірақ ешкім қатерлі ісіктің қашан және қалай пайда болатынын айта алмайды.
Егер шылым шегетін адамның тыныс алу мүшелері, тамағы ауырса, дәрігерге қаралған жөн. Өңештің қатерлі ісігі шылым шегетін адамдар да жиі кездеседі. Сондай-ақ вирустар пайда болса, адам осы қатерлі ісікке шалдығады,
— деді Төлеутаев.
Ашық дереккөздердегі мәліметтерге сүйенсек, АҚШ-та жылына 100 мыңнан астам адам өңештің қатерлі ісігінен көз жұмса, Францияда 60 мыңдай адам қайтыс болады. Ал Қазақстанда өңештің қатерлі ісігі туралы ресми статистика жоқ. Бірақ қатерлі ісіктің соңғы сатысындағы науқас ұзақ өмір сүрмейді.