Елорданың "сары" аймаққа өтуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың жаңа қаулысы шықты, деп жазады Рaryz.kz ЭкспрессК сілтеме жасап.
Жаңа қаулыға сәйкес, жеке тұлғаларға автовокзал, сауда-ойын-сауық орталығы, концерт залы, театр, кинотеатр, халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО), банк, стадион сияқты адамдар көп жиналатын орындарға барған кезде, сондай-ақ қала ішіндегі қоғамдық көлікте жол жүрген кезде бетперде кию ұсынылады.
Бұл талапты 5 жасқа дейінгі балалар және ересектер тамақтану кезінде орындамаса да болады.
Сондай-ақ бас санитар қала тұрғындары арасында коронавирус инфекциясына қарсы екпе мен ревакцинацияны жүзеге асыруды жандандыру ұсынды.
Жаңа қаулы 23 шілдеден бастап күшіне енеді.