Қазақстан астанасында қымбат коттедждер сатылып жатыр. Соңғы уақытта архитектурасы мен дизайны бірінен бірі асатын зәулім үйдер тіптен көп сатылып жатқаны байқалады, деп жазады Рaryz.kz Экспресс К сілтеме жасап.
"Қаңтар оқиғасынан кейін елорданың жылжымайтын мүлік нарығында қымбат үйлер көп сатыла бастады. Дегенмен, қазір нарықта аса бір қозғалыс жоқ, өйткені, шілде не тамыз айлары жалпы үй нарығында "өлара" кезең болып саналады. Байлар демалысқа кетіп жатыр", — деді риелторлық компанияның өкілі.
Дәл қазір Нұр-Сұлтанда құны миллиард теңгеден асатын отыз шақты үй сатылымға шыққан.
Ең көзге түсетіні құны 3,5 млрд теңге жылыжай. Оның аумағында тіпті гольф-клуб бар. Сонымен қатар, бұл үйде бассейн, Нұра есіліне қарайтын жағажайы бар. Аумақта иелері әртүрлі осындай үш үй орналасқан. Алайда, олардың тек біреуі сатылымға шыққан.
© "Крыша"
Депутат қалашығында құны 1,5 млрд теңге болатын тағы бір үй сатылымға шыққан. Алдыңғы үймен салыстырғанда, өте әдемі болмаса да, Грецияның мраморынан салынған едені бар.
© "Крыша"
© "Крыша"
Нұр-Сұлтандағы қымбат үйлердің бәрінде бассейн жоқ. Дегенмен, Қорғалжың тас жолында орналасқан, құны 1,1 млрд теңгеге теңелген мына үйде бассейні бар.
© "Крыша"
Сатылып жатқан қымбат үйлердің кейбірі қазақтың ою-өрнегімен әсемделген. Тельман кентінде 1,7 млр теңгеге бағаланған мына вилла заманауи стильде жасалғаны байқалып тұр.
© "Крыша"
Кейбір типтік коттедждерге Итальядан алынған жиһаз қойылып, оларды қоюда ең мықты дизайнерлердің жұмысы байқалады. Мәселен, құны 1,5 млрд теңге болатын мына коттеждегідей.
© "Крыша"