Бұл туралы Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты, деп жазады Рaryz.kz Экспресс К сілтеме жасап.
"Сәтбаевта Қазақмыстың колледжі, политехникалық колледжі және Тау-кен металлургиялық колледжі бар. Бұл оқу орындарында біздің балалар білім алып жатыр. Алдағы уақытта техникалық университет ашылатын болса, үш колледжді біріктіріп, бір техникалық жоғары оқу орны етіп бастасақ деген жоспар бар" — деді Берік Әбдіғалиұлы.
Облыс әкімінің айтуынша, қазір бұл мәселені Ғылым және жоғары білім министрі қарастырып жатыр.