Прямая трансляция

Астана

Астана

-1.03°C

Қарызбен өрілген өмір: Қазақстандықтар несиені қандай қажеттіліктер үшін алады

Қазақстандықтар гаджеттер мен техника үшін несие алуды жиілетті, деп жазады Рaryz.kz Ulysmedia.kz сілтеме жасап.

Қарызбен өрілген өмір: Қазақстандықтар несиені қандай қажеттіліктер үшін алады
ашық дерек көздерінен

LS басылымының жазуынша, Solva компаниясының бас директоры Анна Максимова осы жылдың басынан бастап несие алушылардың шамамен 20%- ы ұялы телефондар мен ілеспе аксессуарлар сатып алғанын мәлімдеген. Бұл ретте телефондар мен аксессуарларды несиеге 18-35 жас аралығындағы азаматтар көп сатып алады. Ал қарыз алушылардың 37%-ы несиені үйге арналған түрлі техника үшін рәсімдейді. Әдетте, бұл 25 пен 45 жас аралығындағы клиенттер.

Шұғыл қажеттіліктерге несие алушылар 25%-ды құраған. Ал емделу үшін несие алушылар үлесі – 7%. Қарыздардың қалған көлемі жөндеу, туризм және білім беру сияқты мақсаттар үшін алынған. 

Сарапшының айтуынша, несие рәсімдеушілердің ең белсенді тобы – 25 пен 45 жас аралығындағы азаматтар, оларға қарыздардың жалпы санының шамамен 70%-ы тиесілі.

Туристік мақсаттарға 23 жастан 30 жасқа дейінгі жас қазақстандықтар жиі несие алады (51%). Білім алуға несиелерді негізінен 35 жастан асқан азаматтар (44%) рәсімдейді.

"Соңғы алты айдағы кредиттің орташа сомасы 300-600 мың теңге шегінде өзгереді, бұл шамамен өткен жылдың деңгейіне сәйкес келеді", – деп мәлімдеді Solva компаниясының бас директоры.