Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Қоқиқаздарды видеоға түсірген жігітке айыппұл салынбақ (ВИДЕО)

"Әрине, мен қоқиқаздарды мазалағанымды мойындаймын, қандай да бір құқықбұзушылық бар шығар. (...) Бірақ мен бұл баптың нені білдіретінін түсінбеймін. Дронмен тыйым салына ма?" - дейді Азамат Сәрсенбаев.

Қоқиқаздарды видеоға түсірген жігітке айыппұл салынбақ (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Ролик авторының айтуынша, хаттама Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 378-бабы ("Өсімдіктер өсетін жерлер мен жануарлардың тіршілік ету ортасын қорғау қағидаларын, Зоологиялық коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларын бұзу, сол сияқты жануарлар түрлерін заңсыз көшіру, интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру") бойынша толтырылмақ, деп хабарлады paryz.kz, nege.kz сайтына сілтеме жасап.

"Маған әлі айыппұл салынбады, хаттама толтырайын деп жатыр. Заңды бұзған шығармын мүмкін, бірақ олар не үшін жауапқа тартқысы келетінін түсінбеймін. Олар маған дүйсенбіде қоңырау шалып, неге сол жерде видео түсіргенімді сұрады. Кім рұқсат берді деп сұрады. Қандай рұқсат туралы айтып жатқанын түсінбедім. Олар менен неге қорық аймағында түсіріп жатырсыз деп сұрады. Бұл үшін жауапкершілікке тартыласыз деді.

Мен қорық аймағында видео түсіруге болмайтынын білмедім. Әрине, мен қоқиқаздарды мазалағанымды мойындаймын, қандай да бір құқықбұзушылық бар шығар. (...) Бірақ мен бұл баптың нені білдіретінін түсінбеймін. Дронмен тыйым салына ма?", - дейді Азамат Сәрсенбаев.

Азамат Сәрсенбаев айыппұл салынса, төлейтінін айтады. Бірақ ол шешіммен дауласамын дейді.