Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Тамара Дүйсенова: Теңіз кен орнынан 8000-ға жуық жұмысшы қысқарып қалды

Теңіз кен орнында Келешекте кеңейту жобасының аяқталуына байланысты 8000-ге жуық адам жұмыстан қысқарған, деп жазады Рaryz.kz Ulysmedia.kz сілтеме жасап.

Тамара Дүйсенова: Теңіз кен орнынан 8000-ға жуық жұмысшы қысқарып қалды
ашық дерек көздерінен

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Атырау облысына жұмыс сапары кезінде «Теңізшевройл» ЖШС базасында жұмыстан босап қалған жұмысшыларды жұмыспен қамту мәселесі бойынша кеңес өткізді.

Министр жергілікті атқарушы органдарға жұмыссыз қалғандарды жұмыспен қамтуды тапсырды.

Жыл басынан бері 7600 қызметкер жұмыстан босатылды. Оның ішінде мыңнан астамы ТШО компаниясына, 449 адам басқа жа жұмыстарға орналастырылды. Электрондық еңбек биржасында бос жұмыс орындары бола тұра, жергілікті атқарушы органдардың жұмыстан босатылған қызметкерлерін жұмысқа орналастыру деңгейінің төмендігін атап өткім келеді. Қазіргі уақытта Электрондық еңбек биржасында 108 мың бос жұмыс орны бар. Ұлттық жобаларда 10 мыңнан астам жұмыс орны бос тұр. Әкімдік жұмыстан босатылған қызметкерлерді жұмысқа орналастыру бойынша жұмысты тиісті деңгейде жүргізуі қажет, – деді Тамара Дүйсенова.

Министр Дүйсенова жұмыстан босатылғандарды жаңа жұмысқа орналастыру өз қадағалауында болатынын айтты. Тіпті арнайы бағдарлама да әзірленген.

Жұмыстан босатылған көптеген қызметкерлер Атырау облысына басқа өңірлерден келген, сондықтан ТШО ішінде жұмысқа орналаспағандарды әкімдіктер жергілікті жерлерде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына тартуы қажет, – деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Еске сала кетсек, 6 шілдеде Теңіз кен орнында құбыр жарылып, екі адам қаза тапқан болатын. Ал 5 шілде күні түнгі ауысымға шыққан жұмысшы асылып қалды. Тергеу амалдары жалғасуда.