Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» қоры мен Шымкент әкімдігі арасында меморандум түзілді

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры басшысының  орынбасары Лаззат Шыңғысбаева Шымкенттегі үкіметтік емес ұйым өкілдерімен, кәсіпкерлермен кездессті. Іс сапар нәтижесі бойынша  қор мен әкімдік арасында меморандумға қол қойылды деп хабарлайды Рaryz.kz.

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» қоры мен Шымкент әкімдігі арасында меморандум түзілді
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметік көздерінен

«Қазақстан халқына» Қоры 2022 жылғы қыркүйек айында Қор қызметінің нысаналы бағыттарын айқындау мақсатында Ұлттық қайырымдылық конференциясын өткізуді жоспарлап отыр. Конференция мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің, ҮЕҰ, бизнес және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтеді.

Конференцияда Қордың жаңа Тұжырымдамасы және Қордың қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларының проспектісі қабылданады. Қазір бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры басшысының  орынбасары Лаззат Шыңғысбаеваның Шымкен қаласына келген іс-сапары барысында Жастар ресурстық орталығы ғимаратында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанмен бірге үкіметтік емес ұйым өкілдерімен, кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

Алғашқы кіріспе сөзді алған қала әкімінің бірінші орынбасары Қордың маңыздылығына тоқталып, кәсіпкерлердің қолдау көрсететініне сенім білдірді. 

 

–«Қазақстан халқына» Қоры құрылғалы үкіметтік емес ұйымдарының жұмысы жандана түспек. Әсіресе шалғай елді мекендерде қоғамдық бірлестіктердің атсалысуымен жеке меншік мектептердің құрылысы қарқын ала түседі деген үміттемін, - деді Шыңғыс Жұмабекұлы.  

 Жиын барысында Л.Шыңғысбаева Қордың атқаратын жұмысы мен негізгі бағыттары жөнінде жиналған көпшілікке түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, Қор жанынан 4 сарапшылық комитет құрылған. Қор негізінен денсаулық сақтау, білім әлеуметтік салалар бойынша күрмеуі қиын мәселелердің жүйесін табуға, оларды шешуге көбірек назар аудармақ.    

–«Қазақстан халқына» Қоры 2022 жылғы қыркүйек айында Қор қызметінің нысаналы бағыттарын айқындау мақсатында Ұлттық қайырымдылық конференциясын өткізуді жоспарлап отыр. Конференция мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің, ҮЕҰ, бизнес және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтеді. Конференцияда Қордың жаңа Тұжырымдамасы және Қордың қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларының проспектісі қабылданады. Қазір бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмысқа коммерциялық емес сектор өкілдері, мәслихат депутаттары, Қордың қайырымдылық жасаушылары - бизнес өкілдері, сарапшылар мен салалық мамандар тартылып жатыр, - деді Ләззат Алтынбекқызы.

Кездесуде мүдделі тараптардың ұсыныстарын қалыптастыру мақсатында және Конференцияға дайындық жұмыстары шеңберінде Қор жұмыс топтарымен бірлесіп денсаулық сақтау, білім беру, спорт саласындағы және әлеуметтік бағыттар бойынша үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдерімен кездесулер, сондай-ақ Қордың жекелеген қайырымдылық жасаушыларымен терең сұхбат әдісімен кешенді зерттеулер өткізетіні де белгілі болды.  
Жиын барысында «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры мен Шымкент қалалық әкімдігі арасында өзара түсіністік жөнінде екі жақты меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, жиында Қор басшысының орынбасары Шымкенттегі үкіметтік емес ұйым өкілдерінің ұсыныстарын тыңдап, қойған сұрақтарына жауап берді.

Айта кету керек, қор ҮЕҰ-ға сауалнама жүргізеді, оның мақсаты қоғамдық пікір мен ұсынымдарды зерделеу. Сауалнама нәтижелері Қордың бағдарламалық құжаттарын дайындау үшін пайдаланылатын болады.

 

Мөлдір Кенжебай