Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

19 жастағы сарбаз әскердегі қысым туралы айтып берді

Атыраудағы №2016 әскери бөлімінде борышын өтеп жатқан Медет Амангелдіні ұрып-соққан. Бірақ әскери бөлімдегілер сарбаздың туыстарына «Медеттің есі ауысып, ішіне жын кірген» деп жазады Рaryz.kz Оrda.kz сілтеме жасап.

19 жастағы сарбаз әскердегі қысым туралы айтып берді
ашық дерек көздерінен

Ақ Жайық жазуына қарағанда, Медеттің әкесі ұлының соққы алғанына бір апта болғанын, бірақ әлі ауруханаға апарып, басын МРТ-ға түсірмегенін айтты. Сондай-ақ, әскерилер дәрігерлермен келісіп, шынайы диагнозын жасыруы мүмкін дейді.

ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша Шекара қызметі департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Ғалымжан Дүйсов жағдайға түсінік бере алмайтынын мәлімдеді. Алайда ол 15 шілде күні Медеттің ата-анасына балаларының медициналық көмекке мұқтаж екенін айтқан.

Медеттің анасы Дина Мергенбаева ұлының өте әлсіз, сөйлей алмайтынын айтты. Ол 9 шілдеде ұлы Медетпен ұялы телефон арқылы сөйлескен. Медет бәрі дұрыс екенін айтқан.

Медеттің інісінің айтуынша, Медет өзін кім, не үшін ұрғанын баяндаған бейнежазба бар. Бейнежазбада Медет туған күнін тойлағаны үшін таяқ жегенін айтады. Кейін бір капитан «ішімде жын бар» деп айтуға көндірген.