Жаз шыға, елдегі ақпарат құралдарынан халықтың қауын-қарыз жеп, уланғаны туралы ақпарат жиі кездеседі, деп жазады Рaryz.kz Экспресс К сілтеме жасап.
Халыққа жемісін тез сатып, оларды барынша дәмді ету үшін кейбір фермерлер оларды өсіргенде тыңайтқыштар мен пестицидтерді пайдаланады. Ал, осы тыңайтқыштар мен пестицидтердің ішінде нитрат деп аталатын зат бар.
Нитраттар адамның асқазанында қорытылмайды, сонысымен де қауіпті. Нитарттың салдарынан адамның асқазаны ауырып, тіпті қатерлі ісік пайда болуы мүмкін, сонымен қатар жүкті әйелдерге де қауіп төндіреді.
Тілшілер Алматыдағы қауын-қарбыздың құрамындағы нитраттың мөлшері қандай екенін анықтау үшін эксперимент жасап көрді.
Ол үшін біз қаланың әр түпкірінен қауын-қарбыз сатып алып, нитраттың деңгейін анықтайтын арнайы құрал қолдандық.
Экспериментке ірі супермаркеттен, базардан, жол бойында тұратын жүк көліктерінен, үйдің жанындағы дүкен мен тек жеміс-жидек сататын орыннан бес қауын, бес қарбыз сатып алдық. Кейін, мамандардан осы дақылдардағы нитраттың нормасы қандай болу керек дегенді анықтадық: қарбыздағы нитрат 60 мг/кг, ал, қауынның біз алған екі сортындағы нитрат 90 мг/кг аспауы керек.
Сонымен, супермаркеттен алынған қарбыз. Тестер оның құрамындағы нитрат мөлшері 190 мг/кг екенін көрсетті, ал, тиісті деңгей 60 мг/кг. Яғни, нитраттың көлемі тиісті мөлшерден үш есе көп, сондықтан, бұндай қарбыздан бір келі жеген адамның денсаулығына қауіп төнеді.
Осы супермаркеттен алынған даланың қауындағы нитрат мөлшері 2600 мг/кг көрсетті, тиісті мөлшері 90 мг/кг. Бұндай қауын денсаулығыңызға шынымен зиян екені анық.
Көк базардан алынған қарбыз. Нитрат көрсеткіші 110 мг/кг. Көрсеткіш қатты асып түспеген, дегенмен, бұндай қарбызды да абайлап жеген дұрыс.
Осы базардан алынған даланың қауынын тексердік. Ондағы нитрат көлемі 90 мг/кг аспауы керек, алайда, біз тексерген қауындағы нитрат 860 мг/кг көрсеткішті көрсетті. Бұл дегеніміз біз иісіне алданып, піскен қауын деп алғанымыз денсаулыққа өте зиян деген сөз.
Тас жолдың бойынан алынған қарбыз. Оның көрсеткіші бараздан алынған қарбызбен бірдей 110 мг/кг нитратты көрсетті.
Дәл сол саудагерден алынған қауын нитраттың 90 мг/кг көрсеткішінен әлдеқайда асып түсіп, 550 мг/кг деңгейіне жетті. Алайда, далада өскен қауыннан қарағанда, нитраты аз.
Үйдің жанынан алынған қарбыздағы нитрат 280 мг/кг көрсеткішіне жетті. Яғни, тиісті мөлшерден төрт есе көп.
Дәл сол дүкеннен алынған қауындағы нитрат 310 мг/кг деңгейінде болды. Алдыңғы қауындардан қарағанда нитраты аз демесеңіз, көрсеткіштен үш есе артық нитраты бар қауын да асқазанға зиян.
Жеміс-жидек сататын орнынның қарбызындағы нитрат 230 мг/кг көрсетті. Бұл да тиісті деңгейден бірнеше есе артық көрсеткіш.
Осы орнынна алынған даланы қауынын тексергенде, не дерімізді білмедік. Бұндағы нитрат көрсеткіштен 31 есе асып түсіп, 2 800 мг/кг деңгейіне жетті.
Экспериментті жалғастыру үшін денсаулығымызды қауіпке тіксек те, сатып алған қауын-қарбызымызды жеп көрдік. Бір байқағанымыз, нитераты аз қарбыздың түсі қатты тәтті емес, түсі де ақшыл-қызыл болды.
Ал, нитраты көбейген сайын қарбыздың түсі де қып-қызыл, дәмі де тәп-тәтті бола түсті. Қауынның да дәмі сондай: нитраты өте көп қауындар өте тәтті, ал, нитраты сәл аздау болған сайын, дәмі де жоқ бола бастады. Яғни, шілденің басында жеп жүрген осы дақылдарымыз денсаулыққа зиян болып шықты.
Біз алған оншақты жемістің ешқайсы нитрат тексеруінен өткен жоқ. нитраты аз жеміс жол бойында сатылатынын байқауға болады. сондықтан, Экспресс К жеміс-жидекті таңдағанда абай болып, денсаулығыңызды ойлауға шақырады.