Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Тұрғындар: «Қазақмыс» корпрациясынан қайыр бола ма?

Ұлытау облысының тұрғындарының «Қазақмыс» компаниясына көңілдері толмайды. Олар «кәсіпорынның ондаған жыл ішінде өңірге пайдасынан гөрі зияны көп болғанын» айтады. Бұл туралы «...Сұрауы бар» деректі фильмінде көрсетілген -деп жазады Рaryz.kz  Экспресс К сілтеме жасап.

Тұрғындар: «Қазақмыс» корпрациясынан қайыр бола ма?
ашық дерек көздерінен

Жезқазған аумағындағы әлемдегі ең ірі мыс кеніне иелік етіп отырған "Қазақмыс" компаниясы 30 жылда Ұлытау-Жезқазған өңіріне не берді? Осы аралықта жүздеген миллион доллар пайда тапқан алпауыт кәсіпорын "Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін" сезінді ме? Ең бастысы, күнделікті жүздеген шақырым жер астына түсіп, басын қатерге тігетін қарапайым шахтердің қауіпсіздігі мен жалақы мәселесінің жайы қалай? Тұрғындар не дейді?

"...Сұрауы бар" деректі фильмінің түсіру тобы осы және басқа да сауалдарға халық арасынан жауап іздейді.

Экологияны бұзып тұрған "Қазақмыстың" өндіріс орындары. Бұған назар аударылып, ақша бөлініп жатқан жоқ. Тек штрафпен құтылып отыр. Штраф деген болмашы нәрсе корпорация үшін,

— дейді Жезқазған тұрғыны.

Ал кәсіпорында ондаған жыл жұмыс істеген ардагер кеншінің сөзінше, корпорация жұмысшыларды қажетінше баспанамен де қамтымаған.

30 жылда 30 үй де салған жоқ. Баяғыда Кеңес одағы кезінде 1990 жылдарға дейін қаншама аудан көтерілген осы жерде. 30 жылда корпорация бірде-бір үй салды дегенді естіген жоқпын,

— дейді тағы бір тұрғын.

Ал осы қаланың байырғы тұрғыны саналатын тағы бір ақсақал Жезқазған өңіріне ұзақ жылдар бойы тек шикізаттың көзі ретінде қарағаннан инфрақұрылым дамымай қалғанына айтады.

Бұған дейін жаңадан ашылған Ұлытау облысына барған президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа облыстың жағдайын жасау қажеттігіне тоқталды. Ол "Қазақмыс" компаниясының биыл өңірге бөлетін 25,4 миллиард теңгесі жетпеуі мүмкін екенін, оны көбейту керегін айтқан.