Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Қазақстанда абортқа тыйым салына ма – Ғинияттың жауабы

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елімізде абортқа тыйым салу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Рaryz.kz  Ulysmedia.kz сілтеме жасап.

Қазақстанда абортқа тыйым салына ма – Ғинияттың жауабы
ашық дерек көздерінен

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте журналистердің бірі Денсаулық сақтау министрінен Батыс елдеріндегідей Қазақстанда да абортқа тыйым салынуы мүмкін бе деп сұрады. 

Ведомство басшысының айтуынша, бұл мәселе Қазақстанда заңнама деңгейінде реттеледі.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс бойынша біздің елде әйелдердің репродуктивтік құқығы бар. Демек, құрсағындағы баланы дүниеге әкелу, әкелмеу мәселесін өзі, отбасымен ақылдасып шешеді. Сондықтан, елімізде абортқа тыйым салатын нормалар жоқ. Әзірге ондай тыйым салатындай нормалар енгізу қарастырылып жатқан жоқ»,  –  деді министр.

Сондай-ақ, Ажар Ғиният коронавирустың қазіргі штамы бастапқы штамдарындай қауіпті еместігі туралы болжамдарға пікір білдірді және ана мен бала өлімін азайту үшін заманауи талаптарға сай перинаталдық орталықтар салынып, елдегі бүкіл перзентханалар күрделі жөндеуден өтетінін айтты .