Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Нұрлан Нығматулиннің ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұрхан Нұрлановтың 10 шілде күні белгісіз біреулермен бірге минералды тыңайтқыштар зауытының ғимаратынан шығып кеткеніне куәгерлер көп. Алайда компанияның баспасөз қызметі жұмыс орнында тінту мен кәсіпкердің ұсталғанын растамады деп жазады Рaryz.kz  Оrda.kz сілтеме жасап.

Нұрлан Нығматулиннің ұлына қатысты қылмыстық іс қозғалды
ашық дерек көздерінен

Қаржы мониторингі агенттігі Orda.kz тілшісінің сауалына берген жауабында Жамбыл облысы бойынша облыстық департаментте сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлаған.

«2022 жылғы 13 шілдеде Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қорытындысы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. «Қазфосфат» ЖШС басшылығына жоғары баға белгілеу және ұстап тұру арқылы өздеріне заңсыз кіріс алу арқылы монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 221-бабы (Монополистік қызмет – Ред.) «аммофос» сатуда» делінген хабарламада.