Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Мектептерде жаңажылдық іс-шаралар өтпейтін болды

"Байқағанымыздай, балалар – коронавирусты жеңіл өткергенімен, белсенді тасымалдаушы", - деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы.

Мектептерде жаңажылдық іс-шаралар өтпейтін болды
фото: ашық дереккөз

Қазақстан мектептерінде оқушылар Жаңа жыл мерекесін тойламайды. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді деп хабарлады paryz.kz.

"Мектепке барып оқып жүрген оқушылар жаңажылдық мерекелік шараларды өткізбейді. Байқағанымыздай, балалар – коронавирусты жеңіл өткергенімен, белсенді тасымалдаушы. Мектептердегі кезекші сыныптар ата-аналардың өтінішімен ғана ашылды. Оқушының мектепке бару-бармауы – ата-ананың жауапкершілігінде", - деді ол.

Брифинг барысында маман аймақтардағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты "қызыл", "сары", "жасыл" белгілердің қай кезде қабылданатынын да түсіндіріп өтті.

"Аймақтардың қызыл, сары немесе жасыл аумақта болуы өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты күн сайын өзгеріп отырады. Көрсеткіш репродуктивтілік пен соңғы 7 тәулікте вирусты жұқтырушылар санының аймақта 100 мыңға жетуіне байланысты қабылданады", - деді Айжан Есмағамбетова.