Прямая трансляция

Астана

Астана

-16.03°C

Елімізде қыркүйек-қараша аралығында 241 мұғалім вирус жұқтырған

Денсаулық сақтау министрлігі қай өңірде COVID-19-ға шалдыққан мұғалімдер саны көп екені туралы ақпарат жарияламады.

Елімізде қыркүйек-қараша аралығында 241 мұғалім вирус жұқтырған
фото: tengrinews.kz

Қазақстанда жаңа оқу жылы басталғалы 241 мұғалім індетке шалдықты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

"Оқу жылы басталғалы бері республика бойынша мектеп қызметкерлері арасында коронавирус жұқтырудың 241 жағдайы тіркелді", - деді Есмағамбетова екінші тоқсанның басталуына арналған онлайн баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, 1 қыркүйек пен 16 қараша аралығында кезекші сыныптарда 302 бала коронавирус жұқтырған. Бір оқушы вирустық пневмонияға шалдықты. Қазір індеттен 456 бала емделіп жатыр.

Педагогтардың вирусты қайда жұқтырғаны нақтыланбады. Денсаулық сақтау министрлігі қай өңірде COVID-19-ға шалдыққан мұғалімдер саны көп екені туралы да ақпарат жарияламады.