Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Шаңырақ оқиғасына" 16 жыл. Ұзақ жылға сотталған төрт азаматтың бірі әлі түрмеде

"Шаңырақ оқиғасы" бойынша ұзақ жылға сотталғандардың бірі әлі түрмеде деп жазады Рaryz.kz t.me/azattyq сілтеме жасап.

"Шаңырақ оқиғасына" 16 жыл. Ұзақ жылға сотталған төрт азаматтың бірі әлі түрмеде
ашық дерек көздерінен

"Шаңырақ оқиғасы" бойынша ұзақ жылға сотталған тағы бір азамат Құрманғазы Өтегенов әлі түрмеде отыр. Сәуір айында Қостанай соты оның мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтінішін орындамаған. 
 
Құқық қорғаушылар "саяси іс" деп таныған "Шаңырақ ісі" бойынша сотталған тұтқынның түрмедегі жағдайын үнемі бақылап келе жатқан заңгер Гүлмира Қуатбекқызының айтуынша, Құрманғазы Өтегеновтің жазасы биыл тамызда аяқталуы тиіс. Ол қазір Қостанайдағы қауіпсіздігі жоғары УК-161/2 мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Сот үкімі бойынша 16 жылға бас еркіндігінен айырылған Құрманғазы Өтегеновтің жаза мерзіміне 2013 жылы түрме әкімшілігінің "заңды талабына бағынбағаны" үшін тағы екі жарым жыл қосылған.