Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

ҰҚК Нұрлан Мәсімовтің қалай ұсталғанын айтты

ҰҚК Нұрлан Мәсімов қалай ұсталғанын айтып берді, деп жазады Рaryz.kz Экспресс К сілтеме жасап.

ҰҚК Нұрлан Мәсімовтің қалай ұсталғанын айтты
ашық дерек көздерінен

"Ресей арнайы қызметінің көмегімен Қазақстан-Ресей шекарасының шығыс учаскесінде өткізу пункттерінен тыс жерден заңсыз өту әрекеті анықталды. Қазақстан және Ресей азаматтарынан тұратын бір топ адам ұсталды", — делінген комитеттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Олардың арасында бастапқыда өзі туралы жалған деректер берген іздеудегі Павлодар облысы бойынша полиция департаментінің экс-басшысы Нұрлан Мәсімов анықталған. Келісімдер аясында Ресей тарапы 13 шілдеде Мәсімовті ҰҚК шекара қызметі қызметкерлеріне берген. Қажетті тексерулер мен сұрақ алудан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылған.

Нұрлан Мәсімов — Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің немере інісі.

Кәрім Мәсімов қазіргі уақытта мемлекетке опасыздық жасау және билікті басып алуға әрекет жасады деген айыппен қамауда отыр.

 Нұрлан Мәсімов бұрын Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы болып жұмыс істеген. Ол соңғы 3 айда аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айыппен іздестірілді.