Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Қаңтар қашанғы сынақ болар екен?

Қаңтар оқиғасында жақындарынан айырылған азаматтарды Ақорда маңында полиция бөгеді деп жазады Рaryz.kz  t.me/azattyq сілтеме жасап.

Қаңтар қашанғы сынақ болар екен?
ашық дерек көздерінен

Қаңтар оқиғасында жақындары оққа ұшқан бір топ адамды Ақорда маңында полиция бөгеді. Қанды қаңтар кезінде туыстарынан айырылған топ марқұмдарды ақтауды талап етіп, 11 шілдеде Нұр-Сұлтанға жиналған еді. Содан бері олар қатарынан екі күн президент әкімшілігінің жанындағы қабылдау кеңсесінде ашық аспан астында түнеген.

Олар билік өкілдерінің "арыздарын қарауға құрғақ уәде бергенін", алайда жауаптарына көңілі толмайтынын айтты.

Қаңтарда оққа ұшқан туыстарын ақтауды талап еткен топ Ақорда маңында қонды. Арасында 4 айлық нәрестесін көтерген келіншек те бар

Біз президенттің шығуын талап етіп отырмыз. Себебі осы уақытқа дейін прокуратураға да бардық. Басқа мекемелерге де бардық. Ешқандай нәтиже жоқ. Енді біз тек арыз-талаптарымызды президентке қана айтқымыз келеді, – деді наразылардың бірі Арайлым Сағатбекова.