Жүйелі түрде пара алып келген күдіктінің ұсталғаны туралы ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет растады. Бұл жергілікті полиция қызметіндегі алғашқы құрықтау емес деп жазады Рaryz.kz Оrda.kz сілтеме жасап.
Шымкентте жергілікті полиция департаментінің 8-ші ротасының командирі ұсталды. Ведомствоның баспасөз қызметі қызметкерді ұстау туралы ақпаратты растады, бірақ егжей-тегжейлерімен бөлісуден бас тартты. Антикор жағдайға түсініктеме берді, анықталғандай күдікті пара алған.
«8-ші ротаның командирі әшкереленді, ол қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін инспекторлардан 5-тен 10 мың теңгеге дейінгі мөлшерде жүйелі негізде пара алды» делінген Антикор хабарламасында.
Белгілі болғандай, 7 шілдеде Шымкент тергеу соты күдіктіні екі айға қамауға алды.