Бүгін, 13 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 30 жыл толды, деп жазады Рaryz.kz Экспресс К сілтеме жасап.
Осыған орай ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаев "Ұлттық қауіпсіздік комитетіне — 30 жыл" фильмінде сұхбат берді.
"Қазіргі кезде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әлеуеті сыртқы жаудың жасырын әрекеттерінен сенімді қорғап, Қазақстанның конституциялық негіздерінің мызғымастығын қамтамасыз етуге қабілетті"— деді Ермек Сағымбаев.
Ермек Сағымбаевтың айтуынша, мұндай жұмыс жедел әрекет ететін қызметкерлердің күнделікті қажырлы еңбегінің арқасында атқарылып жатыр. Себебі олар еш қиындыққа қарамай, кейде денсаулығы мен өміріне қауіп төндіре отырып, Отанын қорғауға бар күшін салады.
Осы тұста Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау туралы жарлыққа қол қойғанын еске сала кетейік. Бұл өзгерістер қаңтар оқиғасынан кейін басталған еді. Сол кезде отанға сатқындық жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов ұсталған болатын.