Осылай деді кәрі құрлықтан келген ақын деп жазады Рaryz.kz t.me/azattyq сілтеме жасап.
Бақыт Кенжеев – Шымкентте туып, бала кезінде ата-анасымен Мәскеуге көшіп, кейінгі қырық жылын Канада мен АҚШ-та өткізген орыс ақыны.
Ол жақында Mecenat.kz өткізген қазіргі заманғы Қазақстан туралы үздік роман байқауының марапаттау рәсіміне келді. Кенжеев қазылар алқасының мүшесі болған. Ақын Алматыда ескі достарымен кездесіп, Азаттық тілшісіне сұхбат берді. Кенжеев сұхбатында шығу тегі, орыс тілінің қазіргі мәртебесі, Қазақстан билігінің реформа жүргізуге талпынысын неге қуана, үмітпен қабылдайтыны жөнінде ой бөлісті.