Бір кездері Facebook желісінің белсендісіне айналған, тойларда ән салған Сандуғаш Жұмабек 2017 жылы алаяқтық дерегі бойынша 5 жылға сотталған. Ол жазасын толық өтеп, жаақында ғана бостандыққа шықты, деп жазады Рaryz.kz Экспресс К сілтеме жасап.
Сандуғаш Жұмабектің құжат бойынша шын аты-жөні — Сандуғаш Жұртшыбайқызы Кентаева. 2017 жылы тамызда елордадағы Есіл аудандық соты қызы мен құдағиының шағымынан кейін бес жылға бас бостандығынан айырған еді.
Енді ол жазасын толық өтеп, бостандыққа шыққан. Қазіргі кезде әлеуметтік желіге де оралып, посттарды бірінен соң бірін бұрқыратып жазып жатыр.
Алланың жазасын емес "пенденің" жазасын алғаныма шүкір... Алланың жазасы мерзімсіз ғой... Ал пенде шіркіннің жазасы тек, уақыттың жетегінде... Уақыты келеді... Бітеді... Өтеді...,
— дейді Сандуғаш Жұмабек.
Осы істе келіні мен енесінің шағымы бойынша жұмыс істеген заңгер Айгүл Орынбек Сандуғаш Жұмабектің бірнеше алаяқтық фактісі бойынша сотталғанын айтқан еді. Ол алаяқтықпен әр қаладан барлығы 14 пәтер алып, қандастарды үй мен азаматтық алып беремін деп алдаған. Сонымен қатар, әншінің үстінен туған қызы мен құдағиы да шағым түсірген.