Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырылу оңай, кері қайтарып алу қиынға түспек

Сонымен қатар, алдағы уақытта жол ережесін бұзғаны үшін төленетін айыппұл көлемі ұлғайып, мемлекеттік нөмірін жасырған жүргізушілердің қамауға алынатыны мәлім болды.

Бұл талаптар мемлекет басшысы қол қойған "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген, деп  жазады Рaryz.kz   Экспресс К  сілтеме жасап.

Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырылу оңай, кері қайтарып алу қиынға түспек
ашық дерек көздерінен

Отандық Kolesa.kz, порталы келтірген мәліметке сүйенсек, мемлекеттік нөмірсіз жүргені үшін және айыбы дәлелденіп, сол көлікті айдауға заң тұрғысында тыйым салынғаннан кейін рөлге қайта отырғаны үшін азаматтар бұрын 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл төлеумен құтылса, қазір 20 айлық есептік көрсеткіш деңгейінде айып төлейді немесе бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылады.

Көлігіне жалған нөмір таққан азаматтар бес тәулікке қамалады немесе бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылады. Автомобилінің мемлекеттік нөмірін бақылау камерасы немесе полиция қызметкері анық көре алмайтындай етіп бүлдіріп тастаған азаматтар да дәл осындай жазаға тартылады.

Бақылау бекеттерінде полицияның, әскери полиция мен басқа да мемлекеттік бақылау орындары қызметкерлерінің талабын орындаудан бас тартып, көлігін тоқтатпаған азаматтар бұрынғы 30 АЕК көлеміндегі айыппұлдың орнына енді 40 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болады. Аталған тәртіп бұзушылық қайталанса жүргізуші бір жылға көлік басқару құқығынан айырылып, бес тәулікке қамауға алынады. Дәл осы заңбұзушылық үшін бұрын жауапқа тартылған азаматтар сол әрекетін қайталаса 60 АЕК көлемінде айып төлеуге міндеттеледі немесе 15 тәулікке қамалады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 60 жұмыс күнінен кейін күшіне енеді.