Қаңтарда ет жақыны оққа ұшқан Алматы, Өскемен, Тараз, Шымкент тұрғындары Нұр-Сұлтанда наразылық білдірді деп жазады Рaryz.kz t.me/azattyq сілтеме жасап.
Олар Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан балалары мен туыстарын ақтауды, Қаңтар оқиғасына байланысты тергеуді әділ жүргізуді талап етті.
Шымкенттегі Қаңтар оқиғасы кезінде 19 жастағы ұлы Нұрболаттан айырылған Мұрат Әбдірайым "баламды атқан құқық қорғау органдары оның бұзақылық жасағанына ешбір дәлел келтіре алмады" деп санайды.