Желіде қарт кісінің қайын әпкесіне сәлем салған видеосы тарады. Көпшілік егде жастағы қариялардың сыйластығына қайран қалды, деп жазады Рaryz.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Instagram-да тараған видеода қарт әжей өзімен қатарлас кісіге сәлем салған. Ал автор 80 жастағы әжейдің 91-дегі қайын әпкесіне сәлем салғанын атап өткен. Көпшілік қариялардың өзара сыйластығына қайран қалды.
"Шалы тірі болса, нешеге келсе де сәлем салады", "Бұрынғы адамдардың сыйластығы ерекше ғой шіркін. Басымды иемін оларға", "Сыйластықтың сыры кетпес деген осы, апалар жасасын", "Осыны жастар көрсін, өнеге алсын. Қазіргі жастар сәлем салғанды ұят санайды", - деп пікір білдірді желі қолданушылары.