Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қаңтар қырғынына қатысқан Әлібек Иманбеков алты жылға сотталды

Қаңтар оқиғасында "қару-жарақ ұрлады" деп айыпталған Әлібек Иманбековті сот алты жылға бостандығынан айырды деп жазады Рaryz.kz  t.me/azattyq сілтеме жасап.

Қаңтар қырғынына қатысқан Әлібек Иманбеков алты жылға сотталды
ашық дерек көздерінен

 

Оған Қылмыстық кодекстің "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу" деп аталатын 291-бабы бойынша айып тағылған.

"Тергеу кезінде қысым жасалды, ұрып-соққасын амалсыз қол қойдым" деген Әлібек Иманбековты сот алты жылға соттады. Ол қаңтар оқиғасында қару ұрлады деп айыпталған.  
Судья  Иманқұлов сот шешімін түсіндіріп,  "Әлібек Иманбеков тергеу кезінде қысым жасалды" деу арқылы өзін ақтап алғысы келді. Оның қару-жарақ ұрлағаны дәлелденді" деп жауап берді. 
Полициялар неге қамалмады ұрып-соққан? Үтік басқандар қайда? 
Мен қылмыс жасамадым деп шырылдаған Әлібек алты жылға сотталып кетті.

1989 жылы туған Әлібек Иманбеков журналистерге "қылмыс жасамағанын, әділетсіз үкім шыққанын" айтты.