Тойда жұлқынып билеп, ортаның шаңын шығарған молда ғаламторда қызу талқыға түсті. Бейнежазбадағы ер адамның кім екені әзірге белгісіз, деп жазады Рaryz.kz Экспресс К сілтеме жасап.
Бір топ әйелдің ортасында көңіл көтеріп жүрген сақалдының бейнежазбасы Facebook әлеуметтік желісінде пайда болды. Онда ер адам әуенге елітіп билеп, ортада ойқастап жүр.
Ол тіпті өзін айнала қоршаған әйелдердің бірін қолынан ұстап, биді одан әрмен қыздыра түседі. Тойдың қайда болғаны, видеодағы адамдардың кім екені әзірге белгісіз. Дегенмен, желі қолданушылары биші молдаға қатысты түрлі пікір жазған.
Онда: "сақал қойғанның бәрі имам емес, арақ ішкеннің бәрі иван емес", "Имамдарға билемесін, билеуге болмайды деген заң бар ма? Сөз етпейтінді сөз етесіңдер", "Күшті билеп жатыр, артық ештеңе жоқ. Ақкөңіл кісі сияқты өзі", "Той болған соң билеп жатыр да , өрескел еш нәрсе көрініп тұрған жоқ. Не болса, соны салып, елдің жынына тимей отырыңдаршы осы!", "Сақал қойғаны болмаса, жас жігіт сияқты ғой. Ана сақалды несіне қойған жалбыратып, жарасып та тұрған жоқ", — деп жазды желі қолданушылары.