Белгілі адвокат Абзал Құспан «Сұрауы бар» YouTube арнасына берген сұхбатында қаңтар оқиғасына қатысты тың ақпаратпен бөлісті. Оның айтуынша, билік органдары Арман Жұмагелдиевті Алматыға арнайы ұшақпен алдыртқан деп жазады Рaryz.kz Оrda.kz сілтеме жасап.
«Ол өздігінен ұшып келе алмайды. Билік органдарының, белгілі бір құқық органдарының арнайы ұшағымен алдырылды деген әңгіме бар. Әйтпесе, әдеттегі ұшаққа билет сатып алып, Алматыға ұшып келе алмайды. Өйткені, ол іздеуде ғой. Шекара бекеттерінде, кедет бекеттерінде оған «қызыл жалауша» тұрды ғой. Ол құжатын көрсеткен бойда ол дереу қамауға алынуы керек. Әлеуметтік желісі арқылы оның Түркияда тұрғанын бәріміз білеміз. Қаңтар оқиғасында елдің ортасында жүр. Қолына қару ұстап алған. Айналасында қарулы азаматтар кілең. Содан-ақ, түсінікті ғой. «Дикий Арманның» жігіттері тек Алматыда болған жоқ. Барлық өңірде жүрді. Қылмыста ұйымдастырушы деген болады. Орындаушы деген болады. «Дикий Арманның» рөлі орындаушылық қана. Нақты болып жатқан процесстерге араласу, белгілі бір тапсырмаларды орындау ғана. Негізі міндеттері арандату» деді танымал адвокат Абзал Құспан.