"Уимблдонда" жеңіске жеткен Қазақстанның бірінші ракеткасы 23 жастағы Елена Рыбакина жайлы түрлі ақпараттар шығуда деп жазады Рaryz.kz t.me/usbanov сілтеме жасап.
Қазақстан тенис федерациясы мен Болат Өтемұратов қазақ тенисіне түк қатысы жоқ Елена Рыбакинаның арманын орындады. Қазір Рыбакина Уимблдон ұтысының салығын Ресейге төлейді деген ақпарат тарауда. Ол дегеніміз Елена қыздың қос азаматтығы бар немесе толыққанды Ресей азаматы деген сөз. Бұл заңға қайшы ма, қайшы емес пе, өзіңіз ойлай беріңіз. Бірақ бізге бәрібір ғой. Салықты кімге төлесе оған төлесін, ал азаматтық мүлде қызық емес, бастысы Қазақстанның аты шықты, - деп жазады Есдәулет Қызырбекұлы.
Негізі осы "спорттық азаматтық" деген норманы жойған дұрыс сияқты. Қалай қарайсыздар?Әйтпесе, "аты біздікі, заты басқанікі"- болатын сыңайлы...