Мұсылмандардың ұлық мерекесі қарсаңында, әсіресе, құрбан малының бағасы шарықтап кететіні мәлім. Басқа уақытта терісінің қайда қалғаны білінбейтін қойдың құны да осы мерекеде артатыны тағы белгілі болғандықтан, Рaryz.kz қойдың нарықтағы бағасына зер салды.
Біз құрбандыққа жарайтын қой малының нарықтағы бағасын облыс орталықтарындағы ет өнімдерін сатушы кәсіпкерлерден сұрап көрген едік.
Сонымен, бүгінгі күні Елордада қойдың бағасы 45 - 55 мың теңге, Алматыда 35 -45 мың теңге, Шымкентте 40 - 50 мың теңге, Семейде 50 - 60 мың теңге, Көкшетауда 70 - 80 мың теңге, Қызылордада 55 - 65 мың теңге, Ақтауда 90 - 100 теңге, Қарағандыда 40 - 50 мың теңгенің аралығында екен.