Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

"Ақысы 7 млн теңге?" Нұр-Сұлтан әкімі балаларының қайда оқитынын айтты

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов балаларының қандай мектепте оқитынын айтты. Ол әр перзентінің оқуына жылына бірнеше миллион теңге төлейтінін жоққа шығарды деп жазады Рaryz.kz  Stan.kz сілтеме жасап.

"Ақысы 7 млн теңге?" Нұр-Сұлтан әкімі балаларының қайда оқитынын айтты
ашық дерек көздерінен

Елорда әкімінің Асхат Ниязовқа берген сұхбаты chinovnik_kz Telegram-арнасында жарияланды.

"Мен мұны жоққа шығарамын. Ол сюжетті көрдім. Бірақ тексерілмеген ақпаратты БАҚ-та жариялауға болмайды. Менің балаларым ақысы 7 млн теңге тұратын мектепте оқымайды. Балаларым басқалар сияқты қалалық мектеп-лицейге барады. Үлкен қызым грантта, ал екінші ұлым ақылы бөлімде оқиды. Қалған балаларым балабақшада. Бұл жерде жеке мен қызметті ажырата білу керек. Балаларым жеті миллион теңгелік мектепке бармайды. Менің жалақым ондай емес", - деді Көлгінов.

Ол қанша жалақы алатынын ашық айтты. Бүгінгі таңда оның айлығы 1 млн 900 мың теңгені құрайды.