Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Экс-президенттің ескерткішін құлатқаны үшін шартты жаза

Қаңтар оқиғасынан соң үтікпен азапталған Азамат Батырбаев шартты жазамен бостандыққа шықты деп жазады Рaryz.kz t.me/azattyq сілтеме жасап.

Экс-президенттің ескерткішін құлатқаны үшін шартты жаза
ашық дерек көздерінен

 

Талдықорған қаласының соты Қаңтар оқиғасынан соң "жаппай тәртіпсіздікке қатысты" деген күдікпен қамауға алынған Азамат Батырбаевқа төрт жарым жыл шартты жаза берді. Бұл туралы Азамат Батырбаевтың әпкесі Гүлмира Сейдахметқызы хабарлаған.

- Төрт жарым жыл шартты жаза да аз емес. Бірақ бір күн бостандыққа не жетсін. Бала-шағасының, ата-анасының қасына келді. Қаншама қиындық көрді, қаншама қорлық көрді. Біз мына жақта қаншама қорлық көрдік. Әлі де қорқыныш сейілмеді, дегенмен бостандыққа не жетсін, - деді Азаматтың әпкесі.