Ұлттық ақпараттық технологиялар компаниясы қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
EGov.kz порталының жұмысы ақауларға байланысты тоқтап қалды деп хабарлады paryz.kz.
EGov.kz парағын ашқан қолданушылар «Кешіріңіз, портал уақытша жұмыс істемейді. Парақшаны кейінірек жаңартып көріңіз» деген хабарлама алып жатыр.
Ұлттық ақпараттық технологиялар компаниясы қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Құрметті қолданушылар! Қазіргі уақытта eGov.kz порталында проблемалар туындағанын хабарлаймыз. Жауапты мамандар жұмыс істеп жатыр, жүйелерді қалпына келтіру туралы қосымша хабарлаймыз. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - деп хабарлады ҰАТ АҚ.