Прямая трансляция

Астана

Астана

18°C

Елбасы Армен Джигарханянның туған-туыстарына көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Армен Джигарханянның жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.

Елбасы Армен Джигарханянның туған-туыстарына көңіл айтты
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанның Тұңғыш Президенті көрнекті мәдениет қайраткері, актер Армен Джигарханянның қайтыс болғаны туралы хабарды күйзеліспен қабылдады деп хабарлады paryz.kz, elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

"Елбасы А.Джигарханян бар ғұмырын өнерге арнап, өзінің таланты мен кәсіби шеберлігінің арқасында миллиондаған көрерменнің құрметі мен ыстық ықыласына бөленгенін атап өтті" делінген хабарламада.

Нұрсұлтан Назарбаев Армен Джигарханянның жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.